top of page
Search

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін не білу қажет

  • Writer: Simрly
    Simрly
  • Feb 19, 2024
  • 2 min read

Мысалы, Сізге Simply қызметкерлері хабарласып, алаяқтардан ақшаңызды сақтап қалу үшін, Сіздің Simply картаңыздың деректерін сұрайды. Бұл алаяқтар емес екенін қалай тексеруге болады?

 

Есте сақтаңыз, Simply/Симпли клиент қолдау Тобының қызметкерлері ешқашан клиенттерге жеке нөмірлерінен қоңырау шалмайды, жеке нөмірден мессенджерлерге немесе әлеуметтік желілерде жазбайды, және Сіздің жеке деректеріңізді Simply/Симпли жүйесінде төлем қызметтері барысында сәйкестендіруден басқа мақсатпен сұрамайды.

 

Біз Сіздің қауіпсіздігіңізге қамқорлық жасадық және «Simply/Симпли электрондық әмиянға Simply/Симпли қолжетімділік құралын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін» мұнда орналастырдық

 

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін кеңестер:

 

  • Егер Сізге қоңырау шалып/хабарлама жазып Simply/Симпли қызметкерлері деп өздерін таныстырып, алаятардан ақшаңызды қорғап қалу мақсатында карта деректерін сұра — бұл ең бастып қауіп, сондықтан телефон тұтқасын қоя салған жөн. Оған қоса Сізге ерекшелігі бар (✅ белгілері жоқ) мессенджерлерден хабарласқан және сізден кез келген ақпарат беруіңізді сұраған адам – алаяқ(!), тіпті егер ол «ҚАЗЕВРОМОБАЙЛ» ЖШС қызметкері немесе «ҚаР-Тел» ЖШС қызметкері (Beeline) және т. б. болып көрінсе де...

 

  • Ешкімге айтпаңыз, сондай-ақ хат-хабарларда және сенімді емес сайттарда Simply картасының мына деректерін көрсетпеңіз: иесінің аты және тегі қолданылу мерзімі CVV - картаның келесі бетіндегі үш таңбалы нөмір ПИН-код, төлемдер мен аударымдарды растауға арналған SMS-кодтар.

 


Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз ше?


  • Simply мобильді қолданбасында картаны дереу бұғаттаңыз. Сіз мұны қалай жасай аласыз. «Карта» — «картаны бұғаттау» бөлімін таңдаңыз.

  • Егер сізде картаны өз бетіңізше бұғаттау мүмкіндігі болмаса, мүмкіндігінше тезірек Simply (Telegram) клиенттерді қолдау чатына хабарласыңыз.

  • Сонымен қатар Сізге құқық қорғау органдарына хабарласуды ұсынамыз. Мұны ең жақын бөлімшеге жеке барып жасаған дұрыс.


Егер Сіз дербес деректеріңізді жеке тұлғаларға және/немесе Simply картасына қолжетімділікті үшінші тұлғаларға берсеңіз және бұл тұлғалар алынған деректерді қылмыстық мақсатта пайдаланса не болады?

 

  • Егер Сіз дербес деректеріңізді жеке тұлғаларға және/немесе Simply картасына қолжетімділікті үшінші тұлғаларға берсеңіз және бұл тұлғалар алынған деректерді қылмыстық мақсатта пайдаланса, Қылмыскерлерге жеке деректерді беруге және/немесе қылмыстық мақсатта пайдалану үшін Simply картасына қол жеткізуге көмектескені үшін «Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың түрлері» Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

  • Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 29-бабына сәйкес, көмекшілердің қылмыстық жауапкершілігі олардың әрқайсысының қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысу сипаты және дәрежесімен айқындалады.

  • Басқаша айтқанда, егер сіз ұсынған дербес деректер (Т.А.Ә., ЖСН, телефон нөмірі, мекенжайы және т. б.), сондай-ақ Simply картасына және Simply мобильді қосымшасына кіру зиянкестердің қылмыстық құқық бұзушылық жасауына әкеп соқтырса, Сізді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабы бойынша қылмыстық мақсаттарда пайдалану үшін дербес деректер мен банк құралдарын пайдалануға көмек көрсеткені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуы мүмкін.

  • Еске саламыз, төлем қызметтерін ұсыну, Simply/Симпли электронды әмиянға қол жеткізу құралын беру және электрондық ақшамен операцияларға қызмет көрсету (Жария оферта) туралы Келісім шеңберінде Клиент Simply сервисін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндеттенетінін еске саламыз («Simply/Симпли электрондық әмиянға қол жеткізу құралын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері» жария офертасының № 2 қосымшасы).

  • «КАЗЕВРОМОБАЙЛ» ЖШС Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен барлық тергеулерде құқық қорғау органдарына көмек көрсетуді жүзеге асырады.

 

Өзіңізді және жеке деректеріңізді сақтаңыз!

 
 
 

Comments


Commenting has been turned off.
bottom of page