top of page

ҚР заңнамасындағы маңызды өзгерістер: 18 наурызға дейін жеке басыңызды не үшін растау қажет?

  • Writer: Simрly
    Simрly
  • Feb 19
  • 1 min read

Updated: Mar 11

2026 жылғы 18 наурыздан бастап Қазақстанда «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Электрондық ақшаға қатысты талаптар қатаңдайды және бұл толық идентификациядан өтпеген (жеке басын растамаған) пайдаланушыларға тікелей әсер етеді.


Не өзгереді?

Егер Simply жүйесіндегі профиліңіз расталмаған болса, оған шектеулер қолданыла бастайды.

  • Бір операцияның ең жоғары сомасы — 3 АЕК-тен аспайды.

  • Электрондық әмиянда сақталатын ең жоғары сома — 3 АЕК-тен аспайды.

  • Электрондық ақшамен жасалатын операциялардың жалпы сомасы бір жұмыс күні ішінде 3 АЕК-тен аспайды (2026 жылы 1 АЕК = 4 325 теңге, сәйкесінше 3 АЕК = 12 975 теңге.)


Расталмаған әмияндар үшін лимиттер қалай қысқарады:

  • Қосымшадағы төлемдер: бұрын 216 250 теңгеге дейін (50 АЕК) — енді 12 975 теңге.

  • Әмиянда ақша сақтау: бұрын 435 500 теңгеге дейін (100 АЕК) — енді 12 975 теңге.

  • Әмиянды толықтыру — тәулігіне 12 975 теңгеге дейін.

  • Бонустарды шығару — тәулігіне 12 975 теңгеге дейін.


Сонымен қатар, ішінара сәйкестендіру мәртебесі жойылады.


Неге бұл маңызды?

Заңда белгіленген лимиттерден асқан жағдайда, идентификациядан өткенге дейін операциялар қолжетімсіз болады. Егер Сіз әлі жеке басыңызды растамаған болсаңыз, Simply қызметін шектеусіз пайдалану үшін мұны дәл қазір жасауды ұсынамыз.


Шектеулерді қалай алып тастауға болады?

Барлығы оңай: қосымшада толық идентификациядан өтіңіз. Бұл небәрі бірнеше минут алады, бірақ әмияныңыздың барлық мүмкіндіктеріне қолжетімділікті сақтап қаласыз.


Әмиянды қатаң лимиттерсіз жайлы пайдалануыңызды тілейміз!


 
 
 

Recent Posts

See All
Жоспарлы жұмыстар

Біз сервисті жақсарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз, сондықтан жоспарлы жұмыстардың саны артты. Толығырақ:

 
 
Әмиянды толықтыру шарттарының өзгеруі туралы

Сізге 2026 жылғы 18 ақпаннан бастап Simply қосымшасында әмиянды толықтыру шарттары өзгеретіні туралы хабарлаймыз. Толығырақ ақпаратпен мына жерден таныса аласыз. Түсіністік танытқаныңыз үшін рақмет!

 
 

Comments


Commenting on this post isn't available anymore. Contact the site owner for more info.
bottom of page