Simply құқықтық мәртебесі және лицензиат ретінде көрсетілген «Қазевромобайл» ЖШС туралы түсіндірме
Updated: May 27
Есіңізде ме, біздің басты бете «біз банк емеспіз» деп көрсетілген?
Ол біздің мақтанышымыз және ерекшелігіміз (бір жағынан), ол біздің икемді, жылдам, тиімді әрі Сіздер үшін қарапайым болуымызға мүмкіндік береді.
Екінші жағынан, Сізде мынадай әділ сұрақ туындайды – Simply-дегі ақшамыз қалай қорғалған? Көрсетілетін қызметтердің лицензиаты ретінде көрсетілген «Қазевромобайл» ЖШС деген кім?
Simply-дың бүкіл шығу тегін рет-ретімен талқылап, осы сұрақтардың біразына жауап берейік.
Simply – Қазақстан Республикасының нарығындағы, электронды ақша құқықтық алаңында жұмыс істейтін, банктік емес алғашқы өнім.
Шын мәнінде, бұл – электронды ақша әмияны, оны басқару мобильді қосымшаның ыңғайлы қабығына жасалған.
Жалпы ҚР-да электронды ақша, соның ішінде Simply-де:
(егер шыққан көзін көріп, түпнұсқасын оқығыңыз келсе, ары қарай осы нормативтік актілердің негізгі тұстарын мысалдармен және қарапайым түсіндірмелермен жазып түсіндіреміз).
Сонымен электронды ақша әмияны дегеніміз – банк шоты іспеттес, яғни банк аясында қолжетімді барлық операциялар әмиян үшін де мүмкін. Әрине, біз бұл жерде сәйкестендірілген электронды ақша пайдаланушылары туралы айтып отырмыз. Ол үшін сізден селфи жасап, жеке куәлігіңізді сканерлеп алуыңызды сұраймыз.
Олар электронды ақшамен жұмыс істейді және соның негізінде клиенттерге, яғни электронды ақша жүйелерінің операторларына өнім шығарады. Операторлар дегеніміз – Ұлттық банктің электронды ақшамен қаржылық қызметтердің жекелеген түрлеріне лицензиясы бар төлем ұйымдары.
Бұл ретте электронды ақшаны тек банктер 100% алдын ала төлем негізінде шығарады. Төлем ұйымдары электронды ақшаны өз бетінше шығара алмайды, былай айтқанда бұл екі жақты бақылау: банк айналымдағы электронды ақша массасын бақылайды, ал оператор өзінің электронды ақша жүйесі аясында олардың ыңғайлы және тиімді айналымын ұйымдастырады.
Яғни сіздің әмияныңызда 100 теңге көлемінде электронды ақша пайда болуы үшін оператор алдымен осы 100 теңгені банкке өзінің арнайы шотына аударуы керек. Тек осыдан кейін ғана осы сомаға байланысты қызметтерді көрсетіледі.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Simply-ге қатысты келесіні айтуға болады:
Simply әмиянына салынған барлық ақшаны біз оператор («Казевромобайл» ЖШС) ретінде банк (біздің жағдайда «Home Credit Bank» АҚ) шоттарына аударамыз. Оператор бұл қаражатты клиенттің операцияларынан тыс пайдалана алмайды, ал банкте, екінші жағынан, оларды өзінің несие жобаларына пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Осылайша Сіздің Simply әмияндарында салған электронды ақшаңыздың бүтіндігі мен мақсатты пайдаланылуы екі деңгейде бақыланады және қорғалады.
ҚР ҰБ сайтында тіркелген электронды ақша жүйелерінің тізбесіне сілтеме.
Бірақ Simply («Казевромобайл» ЖШС операторы) мыналармен ерекше:
· ТМД аймағында банктік емес мекемелер арасында бірінші болып Visa Platinum төлемінің электронды құралдарын шығару құқығымен Visa International ХТЖ-ға тікелей мүше болды;
· Google, Apple, Samsung сияқты жаһандық корпорацияларымен тікелей келісімшарттар орнатты, бұл Simply-ді Samsung Pay, Apple Pay, Google Pay әмияндарына енгізуге мүмкіндік береді;
· Халықаралық аудиттен өтті және үздік әлемдік киберқауіпсіздік стандарттарына сәйкестігіне кепілдік беретін PCI DSS қауіпсіздік сертификатын алды;
· Simply адалдық бағдарламасы үшін алғашқы қорғалған сандық актив – S! бонустық токенін шығарды;
Керемет пе? Мұнымен біткен жоқ! Қазірдің өзінде іске қосылған жобалар мен әзірлемелерде көп нәрсе бар. Қосылыңыздар, әлі көп нәрсе қызықты әрі жаңаша болады. Жақында.
Қарапайым әрі пайдалы. Қауіпсіз әрі тегін. Әрқашан.
Recent Posts
See AllСоңғы уақытта төлем карточкалары мен электрондық ақшаны пайдалана отырып, интернет-алаяқтық пен құқыққа қарсы операциялардың өсуі...
Картаны Apple/Google Pay-ге қосуды ұмытпаңыз, сонда жанасусыз төлемдер үшін 3% жоғары кешбэк аласыз. iOS үшін : “Баптаулар” қосымшасын...
Simply қосымшасындағы телефон нөміріңіз Forte қосымшасындағы нөмірмен бірдей болуы керек. Егер Сізде Forte қосымшасы орнатылмаған немесе...
Comments