Simply картасымен төлеу одан да ыңғайлы болады!
- Simрly

- Dec 29, 2025
- 1 min read
Updated: Jan 12
Simply картасының иелері үшін жаңа мүмкіндік: 12.01.26 бастап картаны Simply әмиян теңгерімімен байланыстырып, картада қаражат жетіспеген жағдайда да сатып алуларды төлей аласыз. Жетпейтін сома автоматты түрде әмиян теңгерімінен немесе Beeline мобильді теңгерімінен алынады. Бәрі оңай: Сіз төлем жасайсыз — жүйе жетіспейтін соманы өзі алады.
Сұрақтарыңыз бар ма? Біз алдын ала жауап беруге тырыстық:
Картаны Simply әмиянмен қашан байланыстыруға болады?
Жақын арада — 12.01.2026 бастап. Біз міндетті түрде хабарлама жібереміз!
Картаны Simply әмиян теңгерімімен қалай байланыстыруға болады?
Simply қосымшасында «Simply карта» бөлімінде «Теңгерімдерді байланыстыру» батырмасы арқылы. Бір-екі рет бассаңыз — бәрі дайын! Енді картада 0 ₸ болса да төлеуге болады.
Карта мен әмиянның байланысы белсенді екенін қалай білуге болады?

Картаның қазіргі Beeline мобильді теңгеріміне байланысына не болады?
Картаның мобильді теңгерімге қазіргі байланысы енді жұмыс істемейді. Бірақ жаңа мүмкіндік пайда болады: ыңғайлы және қауіпсіз төлемдер үшін картаны Simply әмиянының теңгеріміне байланыстыра аласыз.
Әмиянды Beeline мобильді теңгеріміне бөлек байланыстыру қажет пе?
Егер Simply әмияны бұрын мобильді теңгеріммен байланысқан болса, бәрі автоматты түрде сақталады — бірдеңе істеудің қажеті жоқ. Ал егер бұл функция қосылмаған болса, әмиянды мобильді теңгерімге қолмен байланыстыру керек, оны Simply қосымшасында істеуге болады.
Идентификациядан өтпесем, картаны Simply әмиянының теңгеріміне байланыстыра аламын ба?
Картаны Simply әмиянының теңгеріміне байланыстыру үшін міндетті түрде идентификациядан өту қажет. Егер әлі өтпеген болсаңыз, оны Simply қосымшасында істеңіз: бар болғаны бірнеше минут уақыт, сосын бәрі дайын.
Simply картасынан аударымдар қалай жұмыс істейді?
Енді ForteApp қосымшасында Simply картасынан басқа карталарға аударым жасағанда, қаражат карта арқылы сатып алуларды төлеу кезіндегідей — әмиян теңгерімінен немесе Beeline мобильді теңгерімен есептен шығарылады.

Comments