SIMPLY бонустары туралы бүкіл шындық!
Updated: Apr 8, 2022
Сіз Simply қолданбай өмір сүріп жатырсыз. Солай үйренгенсіз... Кез келген нәрсені сатып алғанда бонус алмайсыз, демек бонус үшін ақша да алмайсыз. Бонусқа ақша алмасаңыз – өз ақшаңызды жұмсамай, бірдеңе сатып алмайсыз.
Мына жерде — шешілді! — Simply қосымшасын жүктеп, бонустарды жинай бастайсыз, тіпті олардың не үшін беріліп жатқанын түсінбей де қаласыз.
Біз айтып береміз. Осы пост сол туралы. Жалпы Simply бонусы деген не?
Даналық сөздерді қолданао болсақ, ол — қамтамасыз етілген цифрлы актив, оны шығару және оның айналымы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жыл 29 қазандағы № 407/НҚ бұйрығымен бекітілген ережелерге сәйкес реттеледі.
Бірақ біз ондай ақылды сөздерді қолданбаймыз. Simply бонусы — ол да ақша, тек ол қағаз ақша емес, электронды түрде, Simply қосымшасындағы бонустық теңгерімге жиналып, теңгеге ауыстырылуын және кәдеге асуын күтеді.
Айтпақшы, S! бағамы — 1 = 1,12 (мысалы, 1000 бонус = 1120 теңге).
Simply-бонустарының қандай түрлері бар?
1,5% Visa Platinum-мен төлегеніңіз үшін. Шамамен кез келген операциядан.
3% Visa Platinum (Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay, Garmin Pay әмияндары) қолданып, NFC технологиясы бойынша кез келген жанаспай төлемнен.
5% Ең көп сатып алынатын тауарлар мен қызметтергеVisa Platinum-мен төлегенде маусымдық акция бойынша. Мысалы, 2022 жылы наурызда — киім мен аяқ киімді, медициналық қызметтерді және автокөләік қызметтін сатып алғанда беріледі. Акциялар туралы ақпарат Simply қосымшасында міндетті түрде жарияланады.
10% Duty free тауарларына Visa Platinum-мен төлегенде.
Айына 30 000 S! дейін алуға болады.
Назар аударыңыз: аударым пайызы жинақталмайды, барлық акцияларды ескере отырып, ең жоғары мөлшерлемемен есептеледі.
Бонус, жасалған операция туралы ақпарат Visa төлем жүйесінен түскен күні (ҚР саудагерлерінен сатып алғанда 2-3 жұмыс күні, шетел саудагерлерінен сатып алғанда 4-6 жұмыс күні; ең ұзақ мерзім – 30 күнге дейін) теңгерімге аударылады.
Қалағаныңды Simply-мен сатып алған тиімді. Бонустар берілетіні сөзсіз :)
Recent Posts
See AllСоңғы уақытта төлем карточкалары мен электрондық ақшаны пайдалана отырып, интернет-алаяқтық пен құқыққа қарсы операциялардың өсуі...
Картаны Apple/Google Pay-ге қосуды ұмытпаңыз, сонда жанасусыз төлемдер үшін 3% жоғары кешбэк аласыз. iOS үшін : “Баптаулар” қосымшасын...
Simply қосымшасындағы телефон нөміріңіз Forte қосымшасындағы нөмірмен бірдей болуы керек. Егер Сізде Forte қосымшасы орнатылмаған немесе...
Comments