top of page
  • Writer's pictureSimply

Қазақстандағы алғашқы необанк Visa нұсқасы бойынша үш номинацияда дәстүрлі банктердің алдына шықты

2021 жылдың қорытындысы бойынша Visa төлем жүйесі Simply цифрлы сервисін атап айтып, необанкті үш номинациямен марапаттады


30 желтоқсан, 2021 ж., Нұр-Сұлтан. Visa халықаралық төлем жүйесі өтіп бара жатқан жылды қорытындылап, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерді марапаттады. Simply цифрлы қаржы сервисі үш номинацияға: «Алғашқы необанктік толықтай цифрлы карта», «Үздік эмитент» және «Google Pay-ді іске қосу» номинацияларына лайық деп таныды.


Биыл 2 маусымда Қазақстандағы алғашқы цифрлы необанк Simply брендімен ашылғанын естеріңізге саламыз. Бірегей өнім цифрлы қаржылық сервисті – клиенттің телефонына тіркелген мобильді қосымша, электронды әмиян және Visa Platinum озық цифрлы картасын білдіреді. Жарты жылда төлем сервисі керемет жетістікке жетті: Simply-ді 650.000 қолданушы бағалады.


«2021 жылды қорытындылай келе, мен біздің өнімді сәтті деп санауға болатынын мақтанышпен айтамын. Біз Қазақстанның көптеген тұрғынына заманауи, толық цифрлы қаржы сервисін ұсынғанымызға қуаныштымыз. Simply-бұл халық арасында қолма-қол ақшасыз төлемдерді танымал етудің бір түрі. Біз ТМД-да бірінші болып банктік емес мекемелер арасында Visa Platinum эмиссиясы құқығымен Visa-ға тікелей мүше бола алдық. Бүгінгі таңда смартфон ұстаушылар кез келген операциялық жүйеде: Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay және Garmin Pay арқылы жанаспай төлей алады. Айта кету керек, біз жаппай тұтынатын премиум-өнім жасадық, бұл - бідіңз әрбір клиентке деген қамқорлығымызды және оны бағалайтынымызды білдіреді!»,- дейді Simply необанкінің көшбасышысы Сергей Головань.


Биылғыжетістіктердің ішінде Цифрлы сервистің клиенттеріне алғашқылардың бірі болып Қазақстан аумағында Google Pay жанаспай төлеу жүйесі қолжетімді болғанын атап өткен жөн. Әлемге әйгілі Google Play төлеу жүйесі нарықта бірінші болып қазақстандық Simply төлем сервисін сертификаттады.


Пайдаланушылар мен операциялар саны бойынша жоғары көрсеткіштерден басқа, ағымдағы жылы Simply өзінің жомарттығымен ерекшеленді: необанк 13 смартфонды ойнатып, Rixos Borovoe-ға жолдама, БАӘ-ге жолдама және 30 желтоқсанда автокөлік ұтысын өткізді! Жарты жыл ішінде қызмет өз пайдаланушыларына 1 000 000 000 бонус аударды!


Simply необанкі барлық пайдаланушы мен серіктеске сенім артқаны үшін және жаңа жылдық тілектер мен жоспарларды бізбен бірге жүзеге асыру мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді!


Simply цифрлы картасы туралы толық ақпарат сайтта: https://www.simply.cards/


***

Қызметтерді «Қазевромобайл» төлем ұйымы ұсынады, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеу 05.05.2018 ж. №02-18-035.***

Қосымша ақпарат алу үшін Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік коммуникациялар қызметіне хабарласыңыз, PR@beeline.kz

94 views0 comments

Recent Posts

See All

Visa Platinum премиум офферлеріндегі өзгерістер туралы

2024 жылдың 3 мамырынан бастап Simply картасы үшін Visa премиум қызметтерін пайдалануда өзгерістер болады. Lounge key бағдарламасы бойынша бизнес-залдарға тегін бару және багажды тегін орау енді сізді

Жаңа Simply клиенттері үшін карталарды толтыру ережелеріне өзгерту

16.04.2024 Клиенттердің қаражатын елімізде жиілеп кеткен кибер алаяқтық пен әлеуметтік инженериядан қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде 2024 жылғы 16 сәуірден бастап «КАЗЕВРОМОБАЙЛ» ЖШС жаңа клиенттері

bottom of page