⚠️ Маңызды ақпарат: 21 маусым сағат 21:15-тен бастап 22 маусым сағат 23:59-ға дейін Simply қосымшасының кейбір функциялары уақытша қолжетімсіз болады
- Simрly

- Jun 19
- 1 min read
Updated: Jun 21
21 және 22 маусымда Beeline серіктесіміз қызмет сапасын жақсарту мақсатында жүйелерін жаңартады. Осыған байланысты Simply қосымшасындағы мобильді теңгерімге қатысты кейбір функциялар уақытша қолжетімсіз болады.
🚫 Аталған кезеңде қолжетімсіз болатын қызметтер:
1. Beeline теңгерімін толықтыру
2. Beeline жеке кабинетін қарау
3. Beeline мобильді теңгерімін байланыстыру және ажырату
4. Beeline мобильді теңгерімінен қосымша қаражат алу
5. Simply әмиянын Beeline мобильді теңгерімінен толықтыру
6. Мобильді теңгерімнен төлем жасау
7. Аударымдар: өз шоттарыңыздың арасында, Simply қолданушыларына, басқа банктердің карталарына
8. Бонустарды шығару
9. Simply әмиянын ашу үшін сәйкестендіру
✅ Аталған кезеңде қолжетімді болатын қызметтер:
1. Simply картасы арқылы интернетте сатып алу
2. Apple Pay / Google Pay арқылы төлем жасау
3. ForteBank серіктестің қосымшасы (егер Simply және Janymda қосымшалары қолжетімсіз болса)
Бұл шектеулер уақытша. Сәл күте тұруыңызды өтінеміз немесе қажетті әрекеттерді алдын ала жасаңыз. Түсіністік танытқаныңыз үшін рахмет! 🙏


Comments