top of page
Writer's pictureSimрly

Simply цифрлы төлем картасына жаңа функциялар қосылды


6 сәуір 2022 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстандағы алғашқы мобильді Simply необанкі клиенттерінің мүмкіндігін белсенді түрде кеңейтуде. Цифрлы төлем картасының қолданушылары жаңа қызметтерді: халықаралық аударымдар мен Visa Alias функциясын қолдана алады.


Енді Simply картасының иелері смартфондарындағы қосымшаларынан ҚР ғана емес, шетел банктері шығарған карталарға ақша аудара алады. Ең маңыздысы, 300 АЕК-ке дейінгі соманы комиссиясыз аударуға болады (анықтама үшін: 2022 жылы Қазақстанда 1 АЕК 3063 тг).

Visa Alias функциясы — Visa картасының иелеріне ақшаны телефон нөмірі бойынша аударудың ыңғайлы, қауіпсіз әрі жылдам жолы. Сізге ақша аудару үшін жақындарыңыз бен достарыңыздың картасының нөмірін жаттау қажет емес – телефон кітапшасында мобильді нөмірі сақтаулы болса болды. Алушы Simply клиенті де, Visa Alias жобасына қатысушы банктің клиенті болуы мүмкін. Барлық аударым Simply қосымшасы арқылы оп-оңай жасалады (оны AppStore және Google Play ресурстарынан смартфонға тегін жүктеуге болады).


Simply-ге аударымды қабылдау үшін:


- Simply қосымшасында «Карта» кіріктірмесіне кіріңіз;

- «Телефон нөмірімен аудару» бөлімін табыңыз;

- Телефон нөмірімен аударылған аударымдарды алу мүмкіндігін қосыңыз;

- Simply картаңызды таңдаңыз және баптауларды сақтаңыз.


Ақша аудару үшін:


- Simply қосымшасында «Аударымдар» кіріктірмесіне кіріңіз;

- «Телефон нөмірімен аудару» бөлімін табыңыз;

- Қажет контактінің таңдап, тиісті соманы жазыңыз;

- Аударатыныңызды растаңыз.


Simply необанкі Beeline-ның еншілес компаниясының бірегей өнімі. Ол телекоммуникациялық және банктік қызметтердің бір платформадағы үйлесімі: цифрлы қаржы сервисі мен клиенттің телефон нөміріне тіркелген мобильді қосымша; электронды әмиян мен озық Visa Platinum цифрлы картасы.


Simply ресми түрде 2021 жылғы жаздың басында нарыққа шықты. Ол әрекет еткен 10 айда сервис клиенттерінің саны миллионға жетіп қалды. Жаңа цифрлы сервисті қосу үшін, қолданушы смартфонына Simply қосымшасын жүктеп, телефон нөмірін тіркеуі және жеке куәлігін немесе төлқұжатын тіркей отырып, сәйкестендіруден өтуі керек. Қосу, жылдық қызмет көрсету, әмиянды ашу тегін, ал қаражат салу – барлық клиент үшін пайызсыз.



324 views0 comments

Recent Posts

See All

Дропперлер деген кім?

Соңғы уақытта төлем карточкалары мен электрондық ақшаны пайдалана отырып, интернет-алаяқтық пен құқыққа қарсы операциялардың өсуі...

Comments


Commenting has been turned off.
bottom of page