top of page
  • Writer's pictureSimрly

Simply – сатып алу мен саяхатқа арналған үздік серік-карта

Updated: Jul 18, 2022




Қымбатты достар, бүгін смартфоныңыздағы Simply платина картасын не себепті мақтан тұтуға болатыны және неге Simply сатып алу мен саяхат үшін үздік серік-карта атауына лайық екені туралы айтамыз.


Карантиннен бәріміз шаршадық, енді былай істейік: теңізге баратын сапарыңыздың үлгісін жасайық.


Бұл жерде нақты бір елді, қонақ үй мен жағажайды атамаймыз.


Әрқайсыңыздың бұрын болған және қайта барғыңыз келетін немесе баруды армандайтын жерлеріңіз бар (қарап тұрыңыз, міндетті түрде барасыз!).


Әрине, сіз демалыс жоспарларын смартфондағы Simply-сыз жасайсыз дегенді мүлде ойламаймыз.

Алайда, осы жазбаны соңына дейін оқыған соң, сізде мұндай серіктің қажеттігі туралы күмән қалмайды да, бірақ әзірге Сізде Simply картасы бар деп қабылдаймыз.


Сонымен, Сіз турды табасыз немесе авиабилеттерді Simply картасымен өз дербес сатып аласыз – егер бұл 2021 жылғы шілдеде болса, "Саяхат"* санаты бойынша 5% мөлшерінде көбейтілген маусымдық бонус аласыз.

Туристік пакет пен әуе билеттерінің қанша тұратынын біле отырып, мұның саяхат басында керемт үнем болатынына келісесіз ғой))


Осыған орай, жұбайыңызға шомылатын жаңа киім қажет, сондықтан сауда орталығына барасыз, бітпейтін өлшеулерді сабырмен күтіп, ақырында коллекциялық үлгі үшін ApplePay арқылы Simply-мен төлейсіз, ол үшін құны 3% төмендейді, бонус түрінде, әрине, жұбайыңыздың алдында жомарттығыңызға мүлде нұқсан келмейді.


Балаларыңыз алақоржын тышқан асырайды делік, демалыс кезінде оны апаңызға жіберетініңіз анық, бірақ жібермес бұрын зоодүкеннен оған тамақ сатып аласыз, сол жерде сенімді түрде 10% бонус аласыз.


Ұшатын күні әуежайға баруға такси шақырасыз және жол ақысын төлеу үшін, сервиске тіркелген Simply картасын қолданып, «Такси»* санаты бойынша 5% бонус аласыз.


Егер Алматыдан немесе Нұр-Сұлтаннан шығатын болсаңыз – құттықтаймыз: Simply картасымен жүкті 2 рет тегін ората аласыз*


Кедендік барлық ресми іс-шараны аяқтап, оралған жүкті мұқият тапсырған соң, күту залына өтесіз де, сол жерде тағы бір жарым сағат күтесіз (жұбайыңыз бәріңізді ерте алып шыққаны рас қой?).


Осы кезде Simply-дің жұлдызды сағаты туады - Lounge Key белгісі бар business lounge аумағын тауып алыңыз.


Иә, кіру ережелері түсініксіз осы керемет аумақтарға енді Simply қолданушылары да кіре алады.

Енді сізге Simply картасымен әлемнің 1000-нан астам қаласында не істеу керегін және ыңғайлы күту залына қалай бару керегін, Simply қолданатын саяхатшыға жылына 2 рет не тегін ұсынылатынын айтамыз**


Сонымен, былай істейміз (сапарға шықпай тұрып, алдын ала үйден де осыны істеуге болады):


1. Lounge Key (Android, iOS) қосымшасын орнатып, тіркеліңіз де, Simply картасын қосыңыз;

2. Бизнес-залға кіре берісте Lounge Key бағдарламасының мүшесі екеніңізді айтып, зал қызметкеріне: Lounge Key қосымшасында жасалған QR-кодты, отырғызу талонын және жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсетіңіз;

3. Тіске басарлардан, сусындардан, wi-fi-дан және балалар аумағында балаларыңыздың ойнап жүргенінен ләззат алыңыз.


Маңызды сәт! Жұлдызшаға назар аударыңыз!


*5% кешбэкпен маусымдық акциялар нақты айға байланысты.

**Lounge Key бизнес-залдарына тегін кіру мүмкіндігін пайдалану үшін, кіретін сәтке дейінгі бір ай ішінде 75 000 теңгеге Simply картасымен бірдеңе сатып алуыңыз қажет.


Картаңыздың шығарылғанына бір ай толмаса, уайымдамаңыз – бірінші жолы бизнес-залдарды қосымша шарттарсыз қолдана аласыз.


Бірақ, Simply-мен мұндай айналым жасау оңай, солай емес пе?



Содан кейін, мейрамханалар мен шоппингке Simply картасын ұтымды қолдана отырып (ApplePay\SamsungPay бойынша 3%), аквапаркте (2021 жылғы шілде айында «Ойын-сауық» санаты бойынша 5%), тамаша демаласыз.


Саяхаттан қайтарда міндетті түрде ұшатын әуежайда duty free-ге кіріп, қатты және сұйық кәдесыйлар аласыз, бұл ретте duty free дүкендерінде Simply картасымен 10% тұрақты бонус алып, үнемдейсіз.


Үйреншікті әрекетпен, ұшатын әуежайдағы lounge-ге кіріп, жалпы күту залының шуынан құтыласыз да, үйіңізге көтеріңкі көңіл-күймен ораласыз, ал үйге жеткен соң, Simply картаңызда осы уақытқа дейін жиналған бонус көзіңізді қуантатын мөлшерге жеткенін көріп, оны әмиянға аударып аласыз да, S! бонустарды теңгеге керемет бағаммен айырбастап (қазір 1,1 теңге - 1S!), инвестициялық бонус аласыз.


 

Simply-дің керемет серік екенін енді күмәніңіз қалмаған шығар?


Виртуалды саяхат барысында ештеңені әсірелемедік, бәрі өмірдегідей болды ғой?



Бірақ біз мұнда айтылмаған жеңілдіктер мен ұсыныстарды толық қарастырған жоқпыз, Сіз Simply картасымен қонақ үйлерде, автокөлік жалдауда, мейрамханаларда, тамақ жеткізуде, зергерлік бұйымдарда, гүл дүкендерінде, фитнесте жеңілдіктер ала аласыз, жалпы, осы файлдан өзіңізге не қолайлы екенін қарап көріңіз.



Simply Premium Benefits
.
Download • 2.89MB


Озық Simply картасымен саудаңыз сәтті болсын, Сіз соған лайықсыз!




136 views0 comments

Recent Posts

See All

Visa Platinum премиум офферлеріндегі өзгерістер туралы

2024 жылдың 3 мамырынан бастап Simply картасы үшін Visa премиум қызметтерін пайдалануда өзгерістер болады. Lounge key бағдарламасы бойынша бизнес-залдарға тегін бару және багажды тегін орау енді сізді

Жаңа Simply клиенттері үшін карталарды толтыру ережелеріне өзгерту

16.04.2024 Клиенттердің қаражатын елімізде жиілеп кеткен кибер алаяқтық пен әлеуметтік инженериядан қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде 2024 жылғы 16 сәуірден бастап «КАЗЕВРОМОБАЙЛ» ЖШС жаңа клиенттері

bottom of page