top of page
Writer's pictureSimрly

Simply-ды қалай қолдануға болады

Енді сіздерге екі өнімнің бар екенін естеріңізге саламыз:

  • Simply әмиян — Simply қосымшасындағы төлемдер және комиссиясыз басқа карталарға аударымдар үшін.

  • Simply карта — интернетте сатып алу, Apple/Google/Samsung Pay арқылы жанаспай төлемдер және NFC мүмкіндігімен банкоматтардан қолма-қол ақша алу үшін.

Екі өнімді де (әмиян мен картаны) Beeline мобильді теңгеріміне байланыстыруға болады.

 

Назар аударыңыз: әмиян теңгерімі мен карта теңгерімі екі түрлі теңгерім.

  • Әмиян теңгерімі + Beeline мобильді теңгерімі = Simply әмиянының операцияларына арналған жалпы теңгерім.

  • Карта теңгерімі (IBAN карта шоты) + Beeline мобильді теңгерімі = Simply карта операцияларына арналған жалпы теңгерім.


Beeline мобильді теңгерімін қалай толтыруға болады?

  1. Beeline мобильді теңгерімін «Менің Beeline-ым» қосымшасында немесе комиссиясыз басқа да ыңғайлы тәсілмен толтыруға болады. Егер сіз мобильді теңгерімді әмиянға байласаңыз, сома автоматты түрде Simply әмиянында қол жетімді болады.

  2. Егер сізде бонустық әмиянда жинақталған бонустар болса, сіз оларды Beeline мобильді теңгеріміне және әмиян теңгеріміне шығара аласыз.


Картаны қалай толтыруға болады?

  • Онлайн кез-келген картадан оның деректемелері бойынша Simply картасына ақша аударыңыз (мысалы, банктік қосымшаларда немесе p2p порталдарында).

  • Cash-in функциясы бар ForteBank банкоматтары мен терминалдары арқылы тегін толтырыңыз (бір толтыруға арналған лимит 480 000 теңге, 100 купюрадан аспайды).

 

Beeline мобильді теңгерімін картадан сауда жасау үшін қалай байланыстыруға болады?

  1. Негізгі парақшада «Simply карта» бөліміне өтіп, жарамды картаңыздың көрінгенін күтіңіз.

  2. «Картаны теңгерімге байланыстыру» батырмасын басыңыз.

  3. Картаның жалпы теңгерімін басқан кезде сәтті қосылғаннан кейін сіз картаның теңгерімін және мобильді теңгерімді бөлек көресіз.

  4. Тәулігіне картадан сауда жасауға мобильді теңгерімнен 500 000 теңгеге дейін пайдалануға болады. Қол жетімді операциялардың түрлерін мына жерден қараңыз.


Simply карта деректемелерін қайдан көруге болады?

  1. Негізгі парақшада «Simply карта» бөліміне өтіп, картаңыздың көрінгенін күтіңіз.

  2. 16 таңбалы карта нөмірін, жарамдылық мерзімін және CVV кодын көшіруге болатын "Деректемелер" бөліміне өтіңіз.

IBAN-шоты Simply карталарын үзінді көшірмеде «Simply картасы» — «Үзінді көшірме» бөлімінен көруге болады.


Сатып алу бонустарын қайдан көруге болады және олар қашан есептеледі?

Енді сатып алу кезінде PUSH хабарландыруларында күтілетін бонус бірден көрсетілмейді, алайда, картадағы барлық кэшбэктер сақталады (мәліметтер осы жерде).

Кешбэктерді қабылдау мерзімдері:

  • ҚР саудагерлерінен сатып алу бойынша 2-3 жұмыс күні,

  • Шетелдік саудагерлерден сатып алу бойынша 4-6 жұмыс күні (ең ұзақ мерзім — 30 күнге дейін).

Бонустарды қабылдағаннан кейін сіз Simply қосымшасында PUSH хабарламасын аласыз. Бонустар бонустық әмиянға түседі.

 

Бонустарды қалай пайдалануға болады?

Сіз бонустарды Simply әмиянына немесе Beeline мобильді теңгеріміне алып, оларды әмияннан төлемдер мен аударымдар үшін немесе мобильді теңгерімнен төлемдер үшін пайдалана аласыз. Сондай-ақ, сіз мобильді теңгерімді картаға байланыстыра аласыз және оларды мобильді теңгерімге шығарғаннан кейін картадан сатып алу үшін бонустарды пайдалана аласыз.

 

Қолдану үлгілері

 

1 жағдай: Сіздің қаражатыңыз әмияныңызда және сізге банкоматтан картадан қолма-қол ақша алу керек.

  1. Қаражатты әмияннан картаға аударыңыз: қосымшаның негізгі бетінде «Simply әмиян» бөлімінде «Аударымдар» — «Картаға» тармағын таңдаңыз.

  2. Аударым жасау үшін 16 таңбалы карта нөмірін, соманы енгізіп, SMS-пен келген кодпен растаңыз.

  3. NFC қолдайтын банкоматтардан картадан қолма-қол ақша алыңыз.

 

2 жағдай: Сіздің қаражатыңыз әмияныңызда және сізге интернетте немесе дүкенде сауда жасау керек.

  1. Beeline мобильді теңгерімін  толтырыңыз, оны картаға байлап, картадан сатып алу үшін мобильді теңгерімдегі қаражатты пайдаланыңыз (тәулігіне 500 000 теңгеге дейін). Қол жетімді операциялардың түрлерін мына жерден қараңыз.

  2. Баламалы тәсілі Қаражатты әмияннан картаға аударыңыз: қосымшаның негізгі бетінде «Simply әмиян» бөлімінде «Аударымдар» — «Картаға» тармағын таңдаңыз. Аударым жасау үшін 16 таңбалы карта нөмірін, соманы енгізіп, SMS-пен келген кодпен растаңыз. Онлайн төлем деректемелерін немесе NFC смартфонын пайдалана отырып, картадан сауда жасаңыз.

 

3 жағдай: Сіздің қаражатыңыз әмиянда және сізге картаға ақша аудару керек.

Simply әмиянынан ҚР банк карталарына және шетелдік карталарға аударымдар қолжетімді. Лимиттерді мына жерден қараңыз.

  1. Қаражатты әмияннан картаға аударыңыз: қосымшаның негізгі бетінде «Simply әмиян» бөлімінде «Аударымдар» — «Картаға» тармағын таңдаңыз.

  2. Аударым жасау үшін 16 таңбалы карта нөмірін, соманы енгізіп, SMS-тегі кодпен растаңыз.


4 жағдай: Әмиян теңгерімінде 5000 теңге, карта теңгерімінде 3000 теңге, Beeline мобильді теңгерімінде 2000 теңге, ал сізге дүкеннен картадан 10 000 теңгеге сауда жасау қажет.

Егер сізде картада Beeline мобильді теңгерімі болса, бұл жағдайда картаның жалпы теңгерімі 5000 теңгеге тең (карта теңгерімі 3000 теңге + мобильді теңгерім 2000 теңге). 10 000 теңгеге сауда жасау үшін 5000 теңгені әмияннан картаға аударыңыз.

Beeline, общий баланс карты в данном случае равен 5000 тенге (баланс карты 3000 тенге + мобильный баланс 2000 тенге). Чтобы совершить покупку на 10 000 тенге, переведите 5000 тенге с кошелька на карту.

518 views0 comments

Recent Posts

See All

Дропперлер деген кім?

Соңғы уақытта төлем карточкалары мен электрондық ақшаны пайдалана отырып, интернет-алаяқтық пен құқыққа қарсы операциялардың өсуі...

Comments


Commenting has been turned off.
bottom of page