Simply-ге 4 жыл: 8 миллионнан астам пайдаланушы және Visa-ның мойындалу
- Simрly

- Jun 19
- 2 min read
пресс-релиз
2021 жылы іске қосылған финтех-сервис Simply төрт жылдығын атап өтті. Осы уақыт ішінде ол толыққанды необанкке айналды, бүгінде оны Қазақстан халқының шамамен 40%-ын құрайтын 8 миллионнан астам адам пайдаланады.
Тек соңғы бір жылдың ішінде пайдаланушылар 100 миллионнан астам транзакция жасаған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп көрсеткіш.
Осы кезеңдегі ең ірі операция 6 миллион теңгені құрады.
Ал 2025 жылдың мамыр айында Simply өзінің ең адал клиенттерін айдың ең ірі сатып алуы үшін 40%-ға дейінгі кешбэкпен (100 мың теңгеге дейін) марапаттады.
«Төрт жыл бұрын біз өзіміздің необанкімізді іске қостық. Бүгін Simply — бұл миллиондаған адам сенім артқан сервис. Біз дамуды жалғастырып келеміз және басты қағидатымыз — пайдаланушыларымызға пайдалы болу мақсатымызға адал болып қала береміз», — дейді Simply өкілдері.
Төлемдер 108 елде: Түркиядан Жаңа Зеландияға дейін
Simply картасы Қазақстаннан тыс жерлерде де белсенді қолданылады. Бір жыл ішінде онымен 108 елде сауда жасалды — Түркия мен Ұлыбританиядан бастап Аргентина мен Жаңа Зеландияға дейін.
Транзакциялар саны бойынша ТОП-5 бағыт:
Түркия
Ұлыбритания
Қытай
БАӘ
Люксембург
Сервис Janymda супераппына кіріктірілген және банк шоты жоқ адамдарға да қолжетімді, бұл финтех өнімдері арасында сирек кездесетін мүмкіндік.
Visa-ның үш жыл қатарынан мойындауы
2022–2024 жылдар аралығында Simply Visa марапаттарының лауреаты атанып отырды, әр жолы — даму жолындағы жаңа жетістіктер үшін:
2024 жыл — Trailblazer in Fintech Innovation сыйлығы, финтех-шешімдерді дамытуға қосқан үлесі үшін
2023 жыл — жазылымдарды басқару және Request to Pay іске қосқаны үшін мойындалып, VEON Ignite халықаралық сыйлығын иеленді
2022 жыл — «Үздік финтех-сервис» аталымындағы жеңіс
Төрт жыл — бұл миллиондаған шешім, транзакция және клиент сенімінің жолы. Алда — Simply-ді одан да ыңғайлы әрі пайдалы ете түсетін жаңа идеялар, сервистер мен технологиялар. Финтех дами береді, ал Simply-дің бонустары күн сайын пайдаланушыларды қуантады.


Comments