top of page
  • Writer's pictureSimрly

Simply бәріңіз үшін AppStore мен PlayMarket-те!

Updated: Jul 5, 2021

Қымбатты достар!


Біз бұл күнге ұзақ дайындалдық, міне ақыры сол күн де келді!

Simply шықты және оған ашық қол жеткізуге болады


Ауысыңыз, жүктеңіз және Simply қолданатындар тобына қосылыңыз.


Біз Simply-де көптеген мүмкіндіктер аштық, ал жүзеге асыратын жоспарларымыз әлі де көп – Simply-ді аша отырып, дәл қазір неге қол жеткізе алатындарыңызды санап көрейікші:


 

  • Қосымшада тіркелгеніңіз үшін берілетін бонустар!

  • Simply картасымен төлегеніңіз үшін 4 (иә-иә, қазір ТӨРТ) деңігейлі бонус:


  • Simply Visa Platinum картасымен сатып алғаныңыз үшін бонус – 5% («көбейтілген сыйақы күнтізбесіне» жататын сатушылар санаттарында);

  • Жанаспай төлегеніңіз үшін бонус – 3% (Apple Pay, Samsung Pay, Simply Pay, Garmin Pay арқылы);

  • Simply Visa Platinum картасымен басқа барлық сауда үшін берілетін бонус – 1,5% (онлайн, Қазақстанда да, шетелде де);

  • Оған қоса жаңа жарқын тұрақты бонус 01 маусым 2021 жылдан бастап – 10% Simply картасымен төлегеніңіз үшін:

* Duty free дүкендерінде (MCC 5309)

саяхаттауға ең жақсы серіктес-картаны уәде етіп едік қой! Алыңыз!

* Зоодүкендер мен ветеринарлық клиникаларда (MCC: 0742, 5995) – біздің маскот – Simply роботаксыдан жануарларыңызға сыйлық.

Біз жан-жануарларды жақсы көреміз, сондықтан оларды асырауға шығатын шығындарды төлеу үдерісіне де жақсы сезімдер сыйлағымыз келеді!


  • Айтпақшы, сатушының МСС-ын барлық сатып алған затыңыз бойынша қосымшада тексере аласыз;


  • Телефон нөміріңіз тіркелген картаның бірегей нөмірі! Ешқашан ұмытпайсыз!

  • Біздің бонустар – біздің токендер, егер әлі күнге білмесеңіз.


Токендердің қандай артықшылығы барын білесіз бе? Олардың құны уақыт өте өзгереді.


Мысалы, қазір (25.05.2021 жылы) жиналған бонустарыңызды 1,1 бағамымен – яғни 1000 бонустық S! үшін әмияныңызға жойылмайтын 1100 теңге аласыз, әмиянда ең төменгі сома және қолдануда шектеулер жоқ.


Осылайша, сатып алғаныңыз үшін берілетін сыйақы 10% тиімді бола түседі!

  • Тегін толтыру, өзара аударымдар және Simply әмиянынан басқа картаға шығару. Осының бәрі тегін екенін ұмытпаған шығарсыздар?)

  • Вeeline абоненттері теңгерімін әмиянға тіркеп, ақшаны Simply картасын қолдана отырып Beeline теңгерімінен де, Simply теңгерімінен де пайдалана алады (немесе оларды біріктіре отырып).

  • Simply қосымшасындағы Visa Platinum картасы керемет жеңілдіктері мен артықшылықтары бар ерекше карта!


Әуежайларда lounge-ге тегін кіру, озық брендтерге, қонақ үйлерге, автокөлікті жалға беретін жерлерде жеңілдіктер – мұның бәрі біздің блогта жеке пост арнауға тұрады (біз оны жуырда жариялаймыз), бірақ әзірге, осының бәрі смартфоныңызға Simply-мен тегін келетінін біліп жүріңіз.


  • Әрине Simply Visa Platinum қазір Samsung Pay және Garmin Pay әмияндарында, алда тағы екі ірі төлем жүйесі тұр, олармен Сіз әлемдегі Visa-ны қабылдайтын 60 миллиннан астам сатушыда смартфон арқылы төлей аласыз.


 


Қосылыңыз, қызық болады.

Соңында Сіз – "мен Simply әлі өмір стиліне айналмай тұрғандағы алғашқы қолданушылардың бірі болғанмын» деп айта аласыз.

Ол күнге аз ғана уақыт қалды!





88 views0 comments

Recent Posts

See All

Visa Platinum премиум офферлеріндегі өзгерістер туралы

2024 жылдың 3 мамырынан бастап Simply картасы үшін Visa премиум қызметтерін пайдалануда өзгерістер болады. Lounge key бағдарламасы бойынша бизнес-залдарға тегін бару және багажды тегін орау енді сізді

Жаңа Simply клиенттері үшін карталарды толтыру ережелеріне өзгерту

16.04.2024 Клиенттердің қаражатын елімізде жиілеп кеткен кибер алаяқтық пен әлеуметтік инженериядан қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде 2024 жылғы 16 сәуірден бастап «КАЗЕВРОМОБАЙЛ» ЖШС жаңа клиенттері

bottom of page