⚠️ Simply 22 қараша 19:55 бастап, 24 қараша 08:00 дейін ішінара істемейді
- Simрly

- Nov 20, 2025
- 1 min read
Updated: Nov 23, 2025
22-24 қараша аралығында серіктесіміз Beeline сервис сапасын жақсарту үшін жүйелерін жаңартады.
🚫 Осы уақытта мобильді теңгерімге қатысты кейбір Simply функциялары істемейтін болады:
1. Beeline теңгерімін толтыру
2. Beeline жеке кабинетін көру
3. Beeline мобильді теңгерімін байланыстыру мен ажырату
4. Beeline мобильді теңгерімінен қосымша ақы алу
5. Simply әмиянын мобильді теңгерім арқылы толтыру
6. Мобильді теңгерім арқылы төлемдер
7. Аударымдар: өз шоттарыңыз арасында, басқа Simply пайдаланушыларына, басқа банктердің карталарына
8. Бонустарды шығару
9. Simply әмияны арқылы сәйкестендіру
Шектеулер уақытша. Ыңғайлы болу үшін қажетті операцияларды алдын ала жасап алған жөн.
✅ МАҢЫЗДЫ! Мыналар жұмыс істей береді:
1. Интернетте Simply картасымен сатып алу
2. Apple Pay/Google Pay арқылы төлем
3. ForteBank серіктес қосымшасы (егер Simply мен Janymda істемей тұрса)
Түсініп, жаңартуды қолдағаныңызға рахмет 🙏

Comments