top of page
  • Writer's pictureSimрly

Simp!y сіздермен бірге

Қымбатты Simply қолданушыларымыз!


Елдегі жағдай интернет сервистерді өшіруді талап еткеніне қарамастан, Simply Visa Platinum карталары әмиян теңгерімі мен Beeline теңгерімі шегінде тоқтамай жұмыс істеп тұрды және қазір де істеп тұр.


Қолданушыларда интернет жаппай өшірілгенінің салдарынан, қосымшаға кіру мүмкіндігі уақытша болмады (бірақ сол кездің өзінде карталар төлеу мүмкіндігі бар жерлерде үзіліссіз жұмыс істеп тұрды), қазір Simply қосымшасы, тіпті мобильді интернет шектеулі режимде де бәріне қолжетімді.


Ешқандай қосымша лимит немесе шектеу қойылған жоқ.


Қолдау тобына келіп түскен пікірлерден, қосымшаға кіру қиындығы VPN қолдануға байланысты болуы мүмкін екенін анықтап отырмыз (оны өшіріп, мобильді интернет болса, қосымшаға қайта кіріп көріңіз).


Достар, бәріңізге бейбітшілік пен жақсылық тілейміз!


Жуырда бәрі қалпына келеді, бәрі өтеді және қалпына келтіріп, бұрынғыдан да жақсы қыламыз!

Simply-ге сеніңіз, біз жаныңыздамыз!





194 views0 comments

Recent Posts

See All

Жаңа Simply клиенттері үшін карталарды толтыру ережелеріне өзгерту

16.04.2024 Клиенттердің қаражатын елімізде жиілеп кеткен кибер алаяқтық пен әлеуметтік инженериядан қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде 2024 жылғы 16 сәуірден бастап «КАЗЕВРОМОБАЙЛ» ЖШС жаңа клиенттері

bottom of page