top of page
Writer's pictureSimply

Қазақстанда Beeline-ның еншілес компаниясы шығарғанцифрлық төлем картасы пайда болды

Updated: Jul 5, 2021

2 маусым 2021 ж., Алматы қ. Қазақстанда мобильді қаржы сервистерімен біріккен алғашқы цифрлық төлем картасы пайда болды. Simply атауымен шыққан картаны Beeline-ның еншілес компаниясы шығарған. Бұл бірегей өнім цифрлық қаржы сервисі болып табылады, яғни мобильді қосымша клиенттің телефон нөмірімен байланысты болады әрі бұл оның электронды әмияны және Visa Platinum премиалды цифрлық картасы болып табылады. Осылайша, Beeline компаниясы өз клиенттеріне инновациялық әрі прогрессивті шешім ұсынды – телекоммуникациялық және банктік қызметтерді бір платформада біріктірді.

Жаңа цифрлық қызметті қосу үшін клиент өз смартфонына Simply қосымшасын жүктеп, оған телефон нөмірін тіркеп, жеке куәлігін немесе паспортын қолданып, сәйкестендіруден өтуі қажет. Қызметке қосылу, жылдық қызметі және әмиянды ашу – ТЕГІН, сондай-ақ, Simply-дің барлық қолданушылары үшін қаражатты салу да пайызсыз. Тағы бір айта кететін жайт, әмияннан Simply әмиянына ақша аудару және ҚР шығарылған банк карталарына да аударымдар комиссиясыз қолжетімді.


Жоғарыда аталып өткен артықшылықтарымен қатар жаңа қаржы қызметінің көмегімен Simply цифрлық картасын қолдана отырып, әр төлемнен 1,5% басталатын бонус алуға болады. Клиенттерге барынша ыңғайлы болу үшін компания Apple Pay, Samsung Pay, Garmin Pay цифрлық әмияндарымен интеграция жасады. Контактсыз төлем жасау барысында осы технологияны қолданғанда да клиентке 3% көлемінде бонус түседі. Стандартты бонустармен қатар клиенттер 5% және 10% көлемінде жоғары бонустар ала алады. Жоғары бонустар нақты санаттағы төлемдерге беріледі (мәселен, Duty Free мен үй жануарларына арналған дүкендерде 10% және маусымдық бонустар 5%).


«Beeline Қазақстан нарыққа бірегей жаңа буын өнімін ұсыну арқылы мобильді қаржы қызметтердің жаңа кезеңіне аяқ басты. Біз ТМД-ғы банктік емес ұйымдардың ішінде Visa Platinum картасын шығару құқығын алған, Visa-ға тікелей мүшелік алған БІРІНШІ компаниямыз. Енді біздің клиенттеріміз нақты бір банкке тәуелді болмай, еркін жүре алады. Клиенттік тәжірибені зерттей келе, сондай-ақ нарыққа қажетті инновациялық шешім ұсына отырып, компания өз клиенттеріне үздік өнімдік шешімдерді қолдануға мүмкіндік береді», – дейді Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.


Қарапайымдылық, тиімділік және қауіпсіздік - жаңа картаның артықшылығы.

Сергей Головань, Beeline Қазақстанның MFS дамыту бойынша директоры:


«Simply – Қазақстан Республикасындағы АЛҒАШҚЫ мобильді необанк. Оның басты идеясы – клиент смартфонына үздік өнімдік шешімдер мен клиенттік тәжірибені жинақтау. Біздің ерекшелігіміз – қарапайымдылық, тиімділік әрі қауіпсіздік. Бізде бөлімшелер жоқ және болмайды, бөлемшелерге кететін шығын да жоқ, сондықтан өнімімізді Simply мобильді қосымшасында қолданғаны үшін клиенттерімізге нарықтағы үздік шарттарды ұсына аламыз. Үздік шарттардың ішінде төлемнен қайтатын 10% дейін cashback, клиенттің тіркелгені үшін оған берілетін сәлемдеме бонустар, бағасы біздің жобамызбен бірге өсетін бонустарды есептеу мен жұмсаудың бірегей бағдарламасы бар. Сондай-ақ, Simply-дің әрбір клиентіне Visa Platinum премиалды картасы ТЕГІН шығарылады. Аталған карта Қазақстан Республикасында да, шетелдік сапарларда да клиенттерімізге жақсы серік болады. Танымал брендтердің жеңілдіктерінен бастап, әуежайда lounge-ға тегін кіруге дейін премиалды артықшылықтарды береді. Тек Simply клиенттеріне қолжетімді тағы бір артықтышылық – картаңызға сіздің телефон нөміріңіз енгізіледі, сондықтан оны ұмытпайсыз әрі керек-жарағыңызды онлайн сатып алған кезде де еш қиындықсыз қолдана бересіз. ТМ Beeline абоненттері өздерінің цифрлы карталарын мобильді телефонның теңгерімімен байланыстырып, оны Simply картасымен емін-еркін қолдана алады».

«Серіктестерімізге төлемдік инновация саласындағы ғаламдық тәжірибені және Visa технологияларын қолжетімді ете отырып, біз бизнеске клиенттердің қажеттіліктерін ең жоғары дейгейде қанағаттандыратын үздік шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береміз. Beeline-ның мобильді қаржы қызметімен біріккен Simply Visa Platinum цифрлық картасын шығару – бұл Қазақстандағы финтех экосистемасын дамытудағы тағы бір маңызды қадам әрі тұтынушылар үшін цифрлық төлемдер саласындағы жаңа бір тәжірибе. Біз Beeline-ға қолдау көрсетуге қуаныштымыз, Simply Visa Platinum картасының келешектегі дамуы зор екеніне сенеміз», – дейді Евгений Лесняк, аға директор, Оңтүстік-Шығыс Еуропа, ТМД елдеріндегі және Украинадағы стратегиялық серіктестіктің, финтех және бірлескен жобалар департаментінің басшысы.


Simply цифрлық картасы туралы толық ақпаратты https://www.simply.cards/сайтынан алуға болады. Сондай-ақ, техникалық көмек AppStore және Google Play-дан жүктеп алу кезінде Simply қосымшасында қолжетімді.


Қызметтер «ҚазЕуроМобайл» төлем мекемесімен ұсынылады, Қазақстан Республикасы Ұлттық банктегі есептік тіркеу 05.05.2018 ж. берілген №02-18-035.


Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстанның корпоративті коммуникациялар қызметі

403 views0 comments

Recent Posts

See All

Дропперлер деген кім?

Соңғы уақытта төлем карточкалары мен электрондық ақшаны пайдалана отырып, интернет-алаяқтық пен құқыққа қарсы операциялардың өсуі...

Comments


Commenting has been turned off.
bottom of page