top of page

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек

  • Writer: Simply
    Simply
  • Apr 10, 2024
  • 1 min read

Биыл Қазақстандағы көптеген ауылдың тұрғыны көктемгі су тасқынынан зардап шекті. Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында төтенше жағдай жарияланды.


ТЖ аумағындағы, Beeline нөмірі бар адамдар туған-туысымен байланыста болу үшін, бонустық гигабайттар мен минуттар алды. Бірақ ол баспана болмайды.

Егер әрбір жан су тасқынынан зардап шеккендерге ең кемі 10 тг жіберсе, үлкен көмек болмақ.


Көмектесудің 2 жолы:


  1. «Менің Beeline-ым» немесе Simply қосымшасына кіріңіз, «Төлемдер» - «Қайырымдылық», содан соң 10 теңгеден 129 220 теңгеге дейінгі шамаңыз келетін соманы жазыңыз (қаражат Beeline мобильді теңгерімінде немесе Simply әмиянында болуы тиіс). Сондай-ақ, Simply басты бетінде «Қайырымдылық» түймесі бар.

  2. *7777# пәрменін теріп, қоңырау шалу пернесін басыңыз, содан соң, ашылған терезеде 10 теңгеден 30 000 теңгеге дейін жазыңыз (қаражат Beeline мобильді теңгерімінде болуы тиіс).

Ақша «Zhyly Zhurek Foundation» қорының шотына түседі. Жиналған сома қор есебінен ұлғайып, зардап шеккен отандастарды қолдауға жұмсалмақ. Есеп айқын әрі көпшілікке қолжетімді болады.


Өтіп кетпеңіз, өйткені ерте ме, кеш пе, су кетеді, ал жасаған қайырымды ісіңіз қалады.

Қолдауыңызға рахмет!




 
 
 

Recent Posts

See All
⚠️ Маңызды ақпарат: 21 маусым сағат 21:15-тен бастап 22 маусым сағат 23:59-ға дейін Simply қосымшасының кейбір функциялары уақытша қолжетімсіз болады

21 және 22 маусымда Beeline серіктесіміз қызмет сапасын жақсарту мақсатында жүйелерін жаңартады. Осыған байланысты Simply қосымшасындағы...

 
 

Comentarios


Ya no es posible comentar esta entrada. Contacta al propietario del sitio para obtener más información.
bottom of page