Simply — Қазақстандағы алғашқы необанк! Бұл электронды әмиян және смартфоныңыздағы цифрлы карта. Simply қалай жұмыс істейді: Сіз App Store немесе Play Market-тен қосымшаны жүктейсіз, сол кезде Сізге 2 өнім қолжетімді болады:
Simply әмиян — қосымшада төлемдер мен басқа банктер карталарына КОМИССИЯСЫЗ аударымдар үшін;
Simply карта — жанасусыз төлемдер мен интернеттегі саудалар үшін.
Simply картасымен сауда жасап, тұрақты кешбэктер алыңыз:
10% — шетелдегі Duty Free дүкендеріндегі сауда үшін;
3% — NFC арқылы жанасусыз төлемдер үшін;
1,5% — барлық басқа саудалар үшін;
Beeline абоненттеріне бонусты кешбэк.
Айына 30 000 теңгеге дейін жинауға болады!
Барлық мәліметтерді білу үшін мұнда басыңыз.
Simply әмияны — қаражатты сақтау және түрлі қызметтер мен тауарларды күнделікті төлеуге арналған ыңғайлы құрал. Мысалы, коммуналдық қызметтер, көлік, мобильді байланыс, онлайн-ойындар, Қазақстан бойынша басқа карталарға аударымдар және тағы басқа қызметтер үшін. Ол қарапайым әрі қауіпсіз болып қалады. Жақын арада жаңа пайдалы қосымша қызметтер мен сервистер енгізіледі деп күтілуде. Бізбен бірге қалып, жаңалықтарды бақылаңыз!
Beeline нөмірі болуы қажет. Содан кейін қосымшаға кіріп, «Профиль» бөліміне өтіп, «Мобильді теңгерімді байлау» батырмасын басыңыз.
Байланыс сәтті болғаны туралы хабарлама келгеннен кейін, электронды әмиянмен төлемдер кезінде нөмір теңгерімін пайдалана аласыз. Қалауыңыз бойынша, байланысты ажыратуға да болады.
Әмиянды мобильді теңгерім арқылы немесе басқа ыңғайлы тәсілдермен, соның ішінде Simply қосымшасында басқа банктердің карталарынан аудару арқылы толтыруға болады. Бұл жағдайда банк-эмитенттің комиссиясы болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Банк картасына аудару:
Басты бетте «Simply әмиян» → «Аудару» → «Картаға» бөліміне кіріңіз → ашылған терезеде алушы картасының 16 таңбалы нөмірін теріңіз → аударым сомасын енгізіңіз (айына 1500 теңгеден 300 АЕК-ке дейін) → SMS-пен келген код арқылы растаңыз → дайын!
Басқа Simply пайдаланушысына:
Басты бетте «Simply әмиян» → «Аударымдар» → «Телефон нөмірі бойынша» бөліміне кіріңіз → ашылған терезеде Simply пайдаланушысының телефон нөмірін теріңіз немесе контактілер тізімінен таңдаңыз → аударым сомасын енгізіңіз (күніне 10 теңгеден 300 АЕК-ке дейін) → SMS-пен келген код арқылы растаңыз → дайын!
Simply әмияны бойынша тарифтер мен лимиттермен осында таныса аласыз.
Толықтай қауіпсіз! Simply — Қазақстандағы алғашқы необанк өнімі, электронды ақша заң аясында жұмыс істейді. Негізінен, бұл ыңғайлы мобильді қосымшадағы электронды ақша әмияны болып табылады.
Simply әмиянын шығаратын — «КАЗЕВРОМОБАЙЛ» ЖШС. ҚР «Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» заңының 4-бабына сәйкес, ҚР Ұлттық Банкі «КАЗЕВРОМОБАЙЛ» ЖШС-ін төлем ұйымы ретінде №02-18-036 тіркеу нөмірімен тіркеп, төлем ұйымдарының тізіліміне енгізген. Тізіліммен ҚР Ұлттық Банкінің ресми сайтында таныса аласыз «КАЗЕВРОМОБАЙЛ» ЖШС 16-нөмірмен көрсетілген).
Компания жыл сайын PCI DSS қауіпсіздік стандартына сәйкестігі бойынша аудиттен өтеді және 3D Secure 2.0 электрондық коммерция операцияларын растау хаттамаларын жаңартып отырады.
Бұл шешілетін мәселе. 5 қадам ғана:
1) қосымшаға кіру бетінде «Кіру кодын ұмыттым» батырмасын басыңыз;
2) әмиян ашылған телефон нөмірін енгізіңіз;
3) оферта шарттары мен жеке деректерді өңдеуге келісімді белгілеңіз;
4) «Жалғастыру» батырмасын басыңыз;
5) телефонға келген авторизация кодын енгізіп, кіру кодын өзгертіңіз. Егер кіру коды авторизация кодымен сәйкес келсе, жаңа кіру кодын енгізіп, оны растау қажет.
Simply қосымшасын Android 6.0 және одан жоғары, iOS 14.0 және одан жоғары операциялық жүйесі бар смартфондарда қолдануға болады.
Қосымшаны бірнеше құрылғыда ашып, авторизациядан өтсеңіз болады, алайда "Simply карта" бөлімі тек бір құрылғыда ғана қолжетімді болады.
