top of page

1. Simply қосымшасының соңғы нұсқасын (Play Market/AppStore) жүктеп алып, қосымшадағы нұсқауларды орындап, Simply картасын шығаруға тырысыңыз.

2. Егер картаны шығару мүмкін болмаса, қосымша тексеріс үшін қолдау чатына жүгініңіз.  

2.1. Егер Simply қосымшасында тіркелген телефон нөмірі Forte қосымшасындағы нөмірмен сәйкес келмесе, сондай-ақ төлқұжат деректері өзгертілсе, еңбек шартының мерзімі аяқталған болса немесе шектеулер/бұғаттаулар/қарыздар бар болса, қашықтықтан карта шығару мүмкін болмауы мүмкін.

2.2. Егер жоғарыда көрсетілген себептер сіздің нөміріңіз бойынша жоқ болса, онда:

 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біздің клиенттеріміз болып табылатын барлық шетел азаматтары офлайн сәйкестендіруден өтуге міндетті.

 

ForteBank кеңсесіне келуіңізді сұраймыз.

 

Заңнамаға сілтемелер:

  1. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-IV Заңы. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы».

  2. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және төлем ұйымдары үшін жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 11 Қаулысы.


ForteBank кеңсесіне барғанда, келесі құжаттарды ала бару керек:

  1. Төлқұжат (шетелдік, түпнұсқа), азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі (түпнұсқа)

  2. Қазақстандық заңды тұлғамен немесе жеке тұлғамен ҚР заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шартының (келісімшартының) түпнұсқасы және жұмыс орнынан анықтама

 

Еңбек шарты мен жұмыс орнынан анықтама болмаса – ҚР-дағы ресми қызметін растау үшін, келесі құжаттардың бірінің түпнұсқасы:

  1. ҚР-азаматымен неке куәлік

  2. Туу туралы куәлік

  3. Қазақстандық білім мекемесінен оқудан өткенін растау

Келуге болатын ForteBank кеңселерінің мекен-жайларын осы жерден қараңыз

bottom of page