top of page

Өз рейсіңізді Simply-мен жайлы бизнес-лаунжда күтіңіз!

Ал сіз жылына екі рет дүние жүзі әуежайларының бизнес-залына қосымша төлемсіз кіре алатыныңызды білген бе едіңіз? Ол үшін Simply цифрлық картасын қолдансаңыз жеткілікті.

Бизнес-лаунжға қалай өту керек:

  • App Store немесе Google Play-де Lounge Key қолданбасын жүктеңіз:

  • Тіркеліңіз: Өз Simply картаңыздың деректерін, жеке мәліметіңізді және Simply-ден келетін SMS-тен растау кодын жазыңыз.

  • Әуежайда мына логотипі бар бизнес-лаунжды тауып алыңыз:

 

 

  • Лаунжға кірерде төлқұжатты, отырғызу талонын (билет) және Lounge Key қолданбасының «Карта» қосымшасында пайда болған QR-кодты көрсетіңіз:

 

       Шошымаңыз! Simply картасын тіркеу кезінде Lounge Key қолданбасы сізден $1 ұстап қалады, бірақ бірден қайтарады.

Шарттары қандай?

  • Simply қолдансаңыз, жылына екі рет бизнес-лаунжға кіре аласыз.

  • Лаунжға кіру үшін кейінгі айда Simply картасынан кемінде 75 мың теңгеге кез келген сауда жасауыңыз керек. Төлемдер, аударымдар және картамен жасалған өзге де операциялар есептелмейді.

  • Simply картасын ашқаныңызға бір ай толмаса, қажетті соманы жаратып үлгермесеңіз және өзімізбен бірге әлдекімді алып кіргіңіз келсе, лаунжға кіру ақысы бір адамға $32 болады (1.10.2023 бастап – $35).

  • Карта арқылы кейінгі 5 күнде жаратылған сома есептелмейді: егер Сіз лаунжға 12 сәуірде келсеңіз, 7 наурыз бен 7 сәуір аралығында жаратылған сома есепке алынады.

  • Тегін кіру есебі 1 қаңтарда жаңарып отырады. Қолданылмаған тегін кіру мүмкіндіктерін келесі жылға қалдыруға болмайды.

Сапарлар жайлы бола түспек:

  • Бизнес-лаунжға кірумен қатар, Simply картасы Сізге Астана мен Алматы әуежайларында жүк қаптау қызметін 2 мәрте тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Шарттары әдеттегідей: кейінгі айда 75 мың теңге жаратқан болуыңыз керек.

  • Сондай-ақ, Duty Free-де Simply цифрлық картасымен сауда жасаған жағдайда 10% кешбэк аласыз. 

  • Simply Visa Platinum картасы беретін артықшылықтар туралы толығырақ мәліметті Visa сайтынан оқи аласыз.

Сізге тек жайлы саяхаттар тілейміз!

bottom of page