• Simply

Simply Visa Platinum картасының иелері Apple Pay-ді қолдана алады

Updated: Jun 3, 2021

iPhone және Apple Watch-пен қауіпсіз, қорғалған әрі құпия төлеу жолы


Нұр-Сұлтан қаласы – 02.06.2021 ж. — «ҚазЕвроМобайл» ЖШС шығарған Simply Visa Platinum картасының иелері бүгіннен бастап Apple Pay-ді – қауіпсіз, қорғалған әрі құпия төлем құралын қолдана алады, ол төлем терминалының пернелерін ұстамауға және ақшаны қолдан-қолға бермеуге мүмкіндік береді. Apple Pay-де әр транзакцияның қауіпсіздігі iPhone-ның инновациялық технологияларымен қамтамасыз етілген.


Төлеу үшін iPhone немесе Apple Watch-ты төлем терминалына жақындату жеткілікті. Apple Pay арқылы жасалған әрбір транзакция сенімді қорғалған – қолданушы Face ID, Touch Id немесе құпия сөз арқылы сәйкестендіруден өтуі керек, одан бөлек, бір реттік бірегей динамикалық қауіпсіздік коды іске қосылады. Apple Pay-мен азық-түлік дүкендерінде, дәріханаларда, таксиде, мейрамханаларда, кофеханаларда және басқада көптеген жерде сатып алғанда төлеуге болады.


Қолданушылар Safari-да ашылған қосымшалар мен сайттарда iPhone, iPad немесе Mac-тағы Apple Pay-мен тез әрі ыңғайлы сатып ала алады, бұл ретте тіркелу жазбасын қайта ашу немесе төлем нысандарын толтыру керек болмайды. Apple Pay-мен азық-түлікті жеткізуге тапсырыс беру, интернет-дүкендерде сатып алғанда төлеу, билеттерді және басқа да көптеген нәрсені сатып алу оп-оңай. Сондай-ақ Apple Watch-ке арналған қосымшаларда сатып алғанда Apple Pay-ге қол жеткізуге болады.


Қауіпсіздік пен құпиялық Apple Pay-дің негізін құрайды. Несие картасын немесе дебет картасын Apple Pay-ге қосқанда, картаның нөмірі құрылғыда да, Apple серверлерінде де сақталмайды. Оның орнына құрылғының тіркелу жазбасының шифрланған бірегей нөмірі беріледі және құрылғыңыздың «Қауіпсіз Элемент» чипінде қауіпсіз сақталады.


Apple Pay-ді баптау оңай. iPhone-дағы Wallet қосымшасына кіріп, плюс таңбасын басу және Simply Visa Platinum несие немесе дебет картасын қосу үшін, нұсқауға сай әрекет ету жеткілікті. iPhone, Apple Watch немесе Mac-қа картаны тіркеген соң, Apple Pay қолдануға дайын. «ҚазЕвроМобайл» ЖШС өз картасын пайдаланушыларға ұсынатын барлық жеңілдік пен бонусты қолданушылар бұрынғыдай ала алады.


Apple Pay туралы толық ақпаратты сайттан оқыңыз: http://www.apple.com/ru/apple-pay/


Simply Visa Platinum толық ақпаратты сайттан оқыңыз: https://www.simply.cards/

62 views0 comments