Simply-де верификациядан өтудің жаңа тәсілі: электронды әмияныңыз бен картаңыз сенімді қорғалған!
- Simрly
- Jun 23
- 1 min read
2025 жылғы 2 шілдеден бастап Simply клиенттерін қолдау чаттарында жеке басты растаудың жаңа, заманауи және қауіпсіз тәсілі қолжетімді болады. Бұл әдіс қарапайым, қауіпсіз және өте ыңғайлы.
Не өзгереді?
Енді жеке басыңызды растау үшін мамандар Simply атынан бірегей алты таңбалы бір реттік коды бар (OTP) SMS жібереді. Бұл кодты чатқа жазсаңыз — біз бірден сұрауыңызды қарастыра бастаймыз.
Кодты дұрыс енгізуге екі мүмкіндігіңіз болады. Егер SMS келмесе — SPAM бөлімін тексеріңіз 📩.
Код келмей жатса — уайымдамаңыз. Растаудың қосымша жолы бар — кодтық сөз. Бұл — тек Сіз бен бізге ғана белгілі құпия. Ең бастысы — оны ұмытып қалмаңыз! 😊
Нені есте сақтау маңызды?
SMS-код тек Simply атынан келеді. Егер басқа жіберушіден хабарлама алсаңыз — сақ болыңыз ⚠️, бұл біз емеспіз.
Сондай-ақ, Simply қызметкерлері ешқашан PIN-кодты, CVV, логиндер, құпиясөздер немесе картаңыздың толық деректерін сұрамайды.
Верификация ҚР заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес өтеді. Барлық деректеріңіз қорғалған және тек жеке басыңызды растау үшін ғана қолданылады.
Simply таңдағаныңыз үшін рахмет! 💛
Әр жүгінген кезде Сіз өзіңізді сенімді сезінуіңіз үшін, біз сервисті қарапайым әрі қауіпсіз етуге тырысамыз.
Recent Posts
See All📢 2025 жылғы 1 шілдеден бастап Simply әмиянынан ҚР банктері карталарына аударым жасау шарттары өзгереді: Айына 50 000 теңгеге дейін —...
21 және 22 маусымда Beeline серіктесіміз қызмет сапасын жақсарту мақсатында жүйелерін жаңартады. Осыған байланысты Simply қосымшасындағы...
пресс-релиз 2021 жылы іске қосылған финтех-сервис Simply төрт жылдығын атап өтті. Осы уақыт ішінде ол толыққанды необанкке айналды,...
Comments