top of page
Writer's pictureSimрly

2 млрд. тг кешбэк, Чилидегі төлемдер және 44 млн. транзакция: Simply-нің 2 жылда жетістіктері

Simply необанкі Қазақстанда бірінші болып инновациялық шешім – телекоммуникациялар мен банктік қызметтердің бір платформада симбиозын ұсынатын компания өзінің екінші туған күнін атап өтуде. Осы уақыт ішінде 1,6 миллионнан астам қазақстандықтар необанк қосымшасын жүктеп алды. Картамен сатып алу әлемнің барлық континенттеріндегі 93 елінде жүргізіледі, олардың ең шалғайы Чилиде. Қызметті пайдаланушылардың 69%-ы ерлер және 31%-ы әйелдер, клиенттің орташа жасы – 32 жас. Ең үлкені- 94 жаста, ал ең кішісі -16 жаста.


Beeline Қазақстан еншілес компаниясы әзірлеген Simply қызметінің негізгі ыңғайлылығы толыққанды қаржылық қызметте. Осылайша, мобильді қосымша клиенттің телефон нөмірімен, электронды әмиянмен және Visa Platinum премиум цифрлы картасымен байланысты. Осының арқасында пайдаланушылар белгілі бір банкке байланбай, пайызсыз аударымдарды жүзеге асырмай және нарықтағы ең тиімді бонустарды алмай икемді бола алады.


Қаржылық қызмет іске қосылғаннан бері компания пайдаланушылардың мүмкіндіктерін үнемі кеңейтіп келеді: тұрақты кешбэк 1,5%-дан 10%-ға дейін, карта нөмірін телефон нөмірімен сәйкестендіру, Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay, Garmin Pay-мен итеграция және пайызсыз миллионға жуық теңгеге дейінгі халықаралық аударымдарды жіберу мүмкіндігі. Сонымен қатар, клиенттер Visa Platinum премиум цифрлы картасының артықшылықтарымен тегін пайдалана алады. Мысалы, Алматы мен Астанадағы әуежайларында Lounge Key бизнес-залдарына тегін кіру және багажды орау. Simply тұтынушылары Lounge қызметімен 4169 рет, ал багажды орау қызметімен 1041 рет пайдаланған.

Необанктың тағы бір жаңалығы - Request to Pay арқылы бөлек шоттарды жіберу. Енді тұтынушылар шотты бөліп, бір немесе басқа соманы көрсете отырып, бірден бірнеше алушыға жіберу арқылы бөле алады. Осы мүмкіндік арқылы, необанк Simply Visa Direct платформасына негізделген осы шешімді іске қосқан әлемдегі алғашқы финтек компаниясы болды.


Атқарылған жұмыстардың арқасында қызмет көптеген марапаттарға ие болды. 2021 жылдың соңында, бірінші жылы іске қосылғаннан кейін компания Visa-дан бірден үш марапатқа ие болды: «Алғашқы толық цифрлы необанктік карта», «Үздік премиум эмитент» және «Google Pay іске қосылуы». Ал 2022 жылы Simply «Үздік финтех» номинациясында Visa сыйлығын алды.


«Simply екі жыл ішінде пайдаланушыларымыздың барлық қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру үшін функционалдылықты үнемі кеңейтуге тырыстық. Біз ТМД-да бірінші болып Visa-ға тікелей мүшелікке қол жеткізіп, необанктер арасында жеке Visa Platinum шығару құқығына ие болдық. Мұның бәрі, соның ішінде Apple Pay, Google Pay, Garmin Pay пайдаланушыларға контактісіз төлемдерді оңай жасауға мүмкіндік беру үшін жасалды. Жыл сайын алатын марапаттар біздің табысымыздың куәсі, бірақ Simply тұтынушыларының тәжірибесі әлдеқайда маңызды. Екі жыл ішінде 1,6 миллионнан астам адам біздің қосымшаны жүктеп алды, бұл необанкті дамытудың нақты қажеттілігін көрсетеді. Ұжыммен бірге біз Қазақстандағы цифрландыру деңгейін арттыруды және дамытуды жалғастырамыз», - Simply-дің CEO-сі Сергей Головань деп пікір білдірді.


Қолайлы шарттардан басқа, Simply пайдаланушыларды ұтыс ойынымен қуантады – екі жыл ішінде 50-ден астам акциялар мен байқаулар өткізілді, онда 10 000-нан астам қазақстандық жеңімпаз атанып, бонустар алды. Rixos Borovoe, БАӘ және Тайландқа жолдамалар, сыйға тартылған автокөлік, сонымен қатар смартфондар мен жомарт кешбэктер тосынсый болды.


Жұмыс істеген екі жыл ішінде Simply шығарған кешбэк сомасы 2 миллиард теңгеге жақындады, ал транзакциялар саны 44 миллионнан асты. Необанк мәліметтері бойынша, қазақстандықтар арасында ең танымал төлемдер санаттары супермаркеттер, жанармай құю станциялары, электронды жабдықтар, қоғамдық тамақтандыру, мейрамханалар мен фастфуд нүктелері болып табылады.


Необанкте, қосымшаны достарыңызға ұсынсаңыз, Simply бонустарын алып, оларды жинауға және нақты ақшаға айырбастауға мүмкіндік беретін рефералды бағдарлама бар.


Қазақстандықтардың армандарын орындап, мұқтаж жандарға көмектесуді де ұмытпайды. Необанк екінші жыл қатарынан «Ғажайып осында» акциясын өткізіп жатыр, онда сіз немесе сіздің отбасыңыз мүгедектер арбасын, қажетті құрал-жабдықтарды, жарыстарға арналған спорттық құрал-жабдықтарды немесе тағы басқа нәрселерді алуға өтініш бере аласыз және Simply сізге көмектеседі. Өткен жылы, необанк шымкенттік Екатеринаның арманын орындады – оған өсіп келе жатқан қызына жаңа компьютер сыйға тартылды. Биыл акция Simply екінші туған күнінің құрметіне өтуде. Өзіңіздің арманыңыз туралы сұрауды дәл қазір қосымшаның арнайы бөлімінде қалдыра аласыз.


Simply - банк бөлімшелері жоқ цифрлы өнім, яғни картаны пайдалануды бастау үшін AppStore және Google- дан қосымшаны жүктеп алу жеткілікті. Қосымша ұялы байланыс операторына қосылмай-ақ барлық қазақстандықтарға қолжетімді.

10 views0 comments

Recent Posts

See All

Дропперлер деген кім?

Соңғы уақытта төлем карточкалары мен электрондық ақшаны пайдалана отырып, интернет-алаяқтық пен құқыққа қарсы операциялардың өсуі...

Comments


Commenting has been turned off.
bottom of page