• Simply

Жылдам, қауіпсіз және қарапайым. Google Pay төлем жүйесі енді Simply клиенттеріне қолжетімді.

Updated: Dec 7, 2021

Simply цифрлық сервисінің клиенттеріне алғашқылардың бірі болып Қазақстан аумағында Google Pay байланыссыз төлемдер жүйесі қолжетімді болды.

7 желтоқсан, 2021 ж., Нұр-Сұлтан қ. Әлемге әйгілі байланыссыз төлемдер жүйесі Google Pay нарықта бірінші болып қазақстандық Simply төлем сервисін сертификаттады. Енді Android 5.0 және одан жоғары ОЖ базасында жұмыс істейтін смартфондары бар Қазақстанның озық необанк клиенттері NFC технологияның көмегімен төлеудің барлық артықшылықтарын бағалай алады.


Қазақстандықтар біздің нарықта технологияның пайда болуын көптен күткен еді. Мәселен, статистика бойынша Simply клиенттерінің 75%-ы - Android операциялық жүйесі бар смартфондардың иелері. Google Pay-дің пайда болуы олардың сатып алу тәжірибесін едәуір жеңілдетеді және кеңейтеді.


Google Pay көмегімен төлем картаңыздың барлық деректерін есте сақтаудың және толтырудың қажеті жоқ, транзакцияларды бірнеше рет басу арқылы жасауға болады. Байланыссыз төлемдер жүйесі - бұл жылдам, қарапайым және ең бастысы, қауіпсіз төлем әдісі. Google Pay клиенттердің ақшасы мен жеке ақпаратын кірістірілген аутентификация, транзакцияларды шифрлау және алаяқтықтан қорғау арқылы қорғайды.


«Жаппай цифрландыру кезеңінде Simply пайдаланушыларына қарапайым, тиімді және ыңғайлы төлемдердің кең ауқымын ұсыну — біздің міндетіміз. Google Pay-мен ынтымақтастық ҚР-ға байланыссыз төлемдерді енгізу бөлігіндегі алға жасалған үлкен қадам болып табылады. Бұл мүмкіндікті алғашқылардың бірі болып іске асырғанымыз - бізге деген жоғары сенімнің көрсеткіші», - дейді необанк Simply көшбасшысы Сергей Головань.


Бүгінгі таңда Google Pay әлемнің 40-тан астам елінде қолжетімді.


«Бүгіннен бастап қазақстандық пайдаланушылар серіктес банктердің Visa немесе Mastercard карталарын бір рет Google Pay-ге бекіте алады, содан кейін оны бүкіл әлем бойынша миллиондаған орындарды, соның ішінде өздерінің сүйікті қосымшаларында және сайттарында сатып алу үшін пайдалана алады. Бүгінгі таңда Google Pay әлемнің 40-тан астам елінде қолжетімді және қазақстандық пайдаланушылар осы төлем тәсілінің ыңғайлылығы мен сенімділігін бағалайды және сатып алу тезірек және ыңғайлырақ болады деп үміттенеміз», - Зейна Хатем, Google, ЕМЕА аймағының төлемдер саласындағы серіктестіктерінің басқарушы директоры.


Сервис Simply цифрлық картасының барлық иелеріне қолжетімді. Google Pay қызметіне қосылу үшін желтоқсан бойы Simply клиенттері әмияндарына 500 бонус алады. Оған қоса, Google Pay көмегімен жасалған әрбір байланыссыз төлем үшін Simply клиенттеріне транзакция сомасының 3% мөлшерінде бонус берілетін болады - және бұл тұрақты негізде!

Байланыссыз төлем қызметін баптау үшін Play Store-дан Google Pay қосымшасын жүктеу, Google аккаунтына кіру немесе тіркелу және Simply Visa Platinum картаңыздың деректерін қосу қажет. Осыдан кейін SMS-код арқылы карта деректерін растау қажет.


Simply клиенттері өз карталарын Google Pay жүйесіне тікелей необанк қосымшасы арқылы «Карталар» қосымша бетіне өтіп, «Google Pay-ге карта қосу» батырмасын басып, келесі нұсқауларды орындау арқылы қоса алады.


Кристина Дорош, вице-президент, Visa-ның Орталық Азия мен Әзірбайжандағы аймақтық менеджері: «Біз Қазақстанда Google Pay-дің іске қосылуын қуана хабарлаймыз. Енді Simply Visa Platinum цифрлық картасын пайдаланушылар Visa карталары қабылданатын кез келген жерде - дүкендерде, онлайн және қосымшаларда Google Pay арқылы сатып алулар мен қызметтерге ақы төлей алады және дәстүрлі Visa карталарына төлеген кездегідей артықшылықтар мен жоғары қорғаныс деңгейіне ие болады».


Simply цифрлық картасы бойынша толық ақпаратты https://www.simply.cards/ сайтынан алуға болады.


***

Қызметтерді «Казевромобайл» төлем ұйымы ұсынады, 05.05.2018 ж. №02-18-035 есептік тіркеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде.

***

Қосымша ақпарат алу үшін Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік коммуникациялар қызметіне, PR@beeline.kz хабарласыңыз.

241 views0 comments