top of page

Дропперлік үшін жаза қолданылды!

  • Writer: Simрly
    Simрly
  • Aug 20, 2025
  • 1 min read

Updated: Sep 16, 2025

2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда дропперлікке қатысты шілде айында қабылданған жаңа заң күшіне енді. Енді дропперлік схемаларға қатысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Дропперлер деген кім?

Бұл – ақша немесе басқа сыйақы үшін өз банк шотына, төлем картасына, электронды әмиянына немесе жеке деректеріне (логиндер, құпиясөздер, SMS-кодтар) қолжетімділікті ұсынатын адамдар. Мұндай әрекеттер арқылы алаяқтар заңсыз жолмен қаржыға қол жеткізеді.


Не істеуге тыйым салынады?

  • Үшінші тұлғаларға логин, құпиясөз, PIN-код және басқа қауіпсіздік кодтарын беру, сондай-ақ өз карталарына, шоттарына немесе электронды әмияндарына қолжетімділік ұсыну. Ерекше жағдайлар – жұбайлар мен жақын туыстар.

  • Басқа адамның деректері арқылы төлемдер немесе аударымдар жасау.

  • Аударымдарда сыйақы үшін делдал болу.

 

Үшінші тұлғаларға аударымдар немесе төлемдер жасауға мүмкіндік беретін реквизиттерді немесе басқа жеке деректерді ұсынғаны үшін мүліктік айыппұлдан бастап, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза, сондай-ақ мүлікті тәркілеу көзделген.

 

Банктік шоттарға, төлем құралдарына немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізіп, рұқсат етілмеген төлемдер мен аударымдар жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру, сондай-ақ мүлікті тәркілеу көзделген.

 

Күмәнді сыйақы үшін өз бостандығыңыз бен мүлкіңізді тәуекелге тікпеңіз. Күдікті ұсыныстар келген жағдайда — дереу банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Заңға енгізілген өзгерістер туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.

 
 
 

Recent Posts

See All
Жоспарлы жұмыстар

Біз сервисті жақсарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз, сондықтан жоспарлы жұмыстардың саны артты. Толығырақ:

 
 
ҚР заңнамасындағы маңызды өзгерістер: 18 наурызға дейін жеке басыңызды не үшін растау қажет?

2026 жылғы 18 наурыздан бастап Қазақстанда «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Электрондық ақшаға қатысты талаптар қатаңдайды және бұл толық идентификацияда

 
 

Comments


Commenting on this post isn't available anymore. Contact the site owner for more info.
bottom of page