Дропперлер деген кім?
Соңғы уақытта төлем карточкалары мен электрондық ақшаны пайдалана отырып, интернет-алаяқтық пен құқыққа қарсы операциялардың өсуі байқалуда.
Алаяқтар ұрланған ақшаны шығару немесе транзиттеу үшін банк карталарын, электрондық әмияндарды сыйақыға пайдалануды ұсына отырып, оңай табысқа алдап түсіру арқылы адамдарды мақсатты түрде тартады.
Мұндай тізбекке қатысатын және ұрланған ақшаны манипуляциялау тізбегінде делдалдық қызмет көрсететін адам «дроппер» деп аталады.
Дропперлер деген кім?
Дропперлер — бұл шоттардан ақша шығару үшін алаяқтық тізбекке қатысатын біреудің орнынан қойылған адамдар. Оларға карталар, шоттар, электрондық әмияндар ресімделіп, осы арқылы қылмыстық жолмен алынған ақша қолма-қол ақшаға айналады немесе аударылады. Дропперлер бұл үшін көбіне сыйақы алады, бірақ барлық жағдайда бірдей алаяқтарға көмектесіп жүргенін түсіне бермейді.
Шартты түрде дропперлер үш түрге бөлінеді:
Дроп-обнал (қолма-қол ақша жасаушылар). Алаяқтар олардың картасына ақша аударады, ал олар аз-маз сыйақы үшін банкоматтардан қолма-қол ақша шешіп алады.
Дроп-залив («құюшылар»). Олар басқа дропперлерден қолма-қол ақша алады және оларды банкоматтар арқылы өз шотына салады, содан кейін аударымдар тізбегін жалғастырады.
Дроп-транзит (транзиторлар). Бұл адамдар қаражатты шотқа қабылдап, оларды одан әрі өзге адамдарға аударады.
Көбіне дроппер атанатындар кімдер?
Әдетте, алаяқтар ақшаны қажет ететін және олардың қайдан шыққанына қызығушылық танытпайтын адамдарды іздейді. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген соңғы зерттеулер бойынша тәуекел тобына қаржы тапшылығы бар адамдар: жұмыссыздар, студенттер, халықтың осал топтарының өкілдері және шетел азаматтары. Бұл адамдар әлеуетті түрде оңай және жылдам табыс табуды көздей отырып, қылмыстық элементтерге өздерінің электрондық төлем құралдарының деректемелерін сатуды пайдалану арқылы «дроппер» болуы мүмкін. Кейін олардың бұл деректемелері қылмыстық тізбектерде, соның ішінде есірткі сату үшін белсенді қолданылады.
Көп жағдайда дропперлерге айналатын адамдар:
оқушылар мен студенттер;
тұрмысы нашар отбасыдан шыққандар;
таршылық көрген азаматтар;
қарт адамдар;
шағын елді-мекендерден қалаға көшіп келушілер;
алаяқтардың айласынан зардап шеккендер.
Бұл санаттағы адамдар көбіне алаяқтардан ұсыныс алатындар қатарында. Адамдар уақытты аз жұмсай отырып, жылдам ақша табу идеясын өте тартымды көреді және басым жағдайларда оның салдарының ауыр болуы мүмкіндігін ойламайды.
Кейде адамдар алаяқтық тізбекке білместіктен тартылады. Мысалы, алаяқ ақша аударады делік, бұл аударымды «қателесіп» жасағанын айтып, ақшаны қайтаруды сұрап қоңырау шалады, бірақ бұл аударымды басқа картаға немесе шотқа жасауды сұрайды.
Дропперлер қылмыстық тізбекке қалай қатысады?
Адамдарды тартудың ұсыныстары өте көп: «сату жоспарына» көмектесуден бастап, картаны сыйақы үшін үшінші тұлғаларға беру туралы өтінішке дейін. Содан кейін дәл осы жолмен: бізге досыңызды ертіп келіп, ол үшін де сыйақы алыңыз. Осылайша, адамдар жаппай дропперлыққа тартылады.
Кейде олар пластикалық картаны емес, одан әрі ақша аударымын жасау үшін шот деректемелерін, электрондық әмиянды және онлайн-банкке кіру кодтарын сұрай алады.
Сондай-ақ, кейбір жұмыс хабарландыруларында лотерея әкімшісі ретінде жұмыс ұсынылады, яғни жүлделерді бөлумен айналысу керек. Алайда, іс жүзінде мұндай жұмыстың мақсаты ұрланған қаражатты аудару үшін адамдардың банктік картасын, электрондық әмиянын пайдалану болып табылады.
Маңызды, егер адам дропперлықпен айналысып жатқанын білмесе де жауапкершілікке тартылады және іс жүзінде қылмысқа қатысушы болады.
Дропперлықтан қалай қорғануға болады?
Кездейсоқ дропперға айналып кетпеу үшін:
Оңай табыс туралы хабарландыруларға жауап берудің қажеті жоқ. Егер сізге осындай «жұмыста» ештеңе істемесең де ақша алу ұсынылса, келісудің қажеті жоқ. Бұл, алаяқтық тізбек болуы әбден мүмкін.
Күдікті сілтемелер мен хабарламаларды ашып өтпеңіз және жауап бермеңіз. Сондай-ақ, банктік карталарыңыздың, шоттарыңыздың, электрондық әмияндарыңыздың деректерін еш жерде қалдырмау маңызды және банктің нақты қызметкерлері сізден ешқашан құпия сөздерді немесе кодтық сөздерді сұрамайтынын ұмытпаңыз.
Кездейсоқ аударымдарды тек банк қызметкерлерінің қатысуымен қайтарыңыз. Егер сіздің шотыңызға «қате» аударым келсе, ақшаны жөнелтушіге, әсіресе басқа шотқа қайтаруға асықпаңыз. Жағдай туралы банкке хабарлаңыз және мәселені шешуге көмектесуді сұраңыз.
Несиелік тарихыңызды мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз.
Егер сізді дроппер ретінде пайдаланып жүргендей сезілсе, жеке деректеріңізді бермеңіз немесе құжаттарға қол қоюға келіспеңіз.
Бейтаныс адамдар үшін банкоматтан ақша алуға келіспеңіз. Қайдан келгені белгісіз ақшаны қабылдамаңыз немесе жібермеңіз.
Саналы және аңдаусыз қатысу
Адам саналы түрде де, өз еркінен тыс та дроппер бола алады. Бірінші жағдайда, дроп өзінің банктік картасын сыйақы үшін алаяқтарға береді немесе олармен бірге жұмыс істейді. Екінші жағдайда, адам өзінің банктік картасына қол жеткізу деректерін таба алмай, олар зиянкестердің қолына түскен кезде мүмкін болады
Жеке деректерді беру кезінде қандай жауапкершілік қарастырылған.
Қаржы құралдарына жеңіл-желпі қарау өте қымбатқа түсуі мүмкін екенін хабарлаймыз: ҚР Қылмыстық кодексінің 28, 190-баптары 16 жастан бастап дроп-тізбекке қатысқаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға қылмыстық жауаптылықты белгілейді. «КАЗЕВРОМОБАЙЛ» ЖШС мұндай тізбектерге қатыспау туралы қатаң ескертеді.
Қорытынды
Сақ болыңыз, деректерді бөгде адамдарға бермеңіз. Мұндай қылмыстық тізбектерге қатыспау үшін «жеңіл» жұмыс ұсыныстарынан абай болу керек, жеке төлем деректерін бермеңіз және бөгде адамдардың өтініші бойынша электрондық әмияндарды ашпаңыз.
Алаяқтыққа және оның кез-келген түріне қатысқаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын түсіну маңызды. Ата-аналарыңызбен және балаларыңызбен олардың ұшырауы мүмкін қауіптер туралы сөйлесіңіз. Банк картасын, электрондық әмиянды тек оның иесі ғана пайдалануы керек екенін және ешкімге өзінің банктік картасы мен электрондық әмиянының деректерін айта алмайтындығын ескертіңіз.
Recent Posts
See AllКартаны Apple/Google Pay-ге қосуды ұмытпаңыз, сонда жанасусыз төлемдер үшін 3% жоғары кешбэк аласыз. iOS үшін : “Баптаулар” қосымшасын...
Simply қосымшасындағы телефон нөміріңіз Forte қосымшасындағы нөмірмен бірдей болуы керек. Егер Сізде Forte қосымшасы орнатылмаған немесе...
Comments