top of page

Бүгін Simply-ге 5 жыл толды! 🎉

  • Writer: Simрly
    Simрly
  • 5 days ago
  • 1 min read

Осы уақыт ішінде Simply миллиондаған пайдаланушының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды: төлемдер, аударымдар, кешбэк және үйреншікті қаржылық қызметтердің барлығы бір қолданбада қолжетімді.



2025 жылы Simply қолданбасын ай сайын 4 миллион клиент пайдаланды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1 миллионға көп. Ал әрбір көрсеткіштің артында нақты адамдардың әдеттері мен оқиғалары тұр.


Simply арқылы сауда жасау үшін ең танымал күн — жұма. Ең жиі жасалатын шығын түрлері — азық-түлік, такси және фастфуд.


Ал сейсенбі — ай сайынғы төлемдер үшін ең танымал күн. Дәл осы күні клиенттер байланыс қызметтерін төлеп, цифрлық сервистерге жазылым рәсімдеп және ақша аударымдарын жиі жүзеге асырған.


Simply әлдеқашан Қазақстан шекарасынан асып түсті: ақша аударымдарының ең танымал бағыттарының қатарында Ирландия, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания бар. Ал Simply арқылы жасалған сатып алулар әлемнің ең шалғай нүктелерінде — Аргентина мен Бразилиядан бастап Жаңа Зеландия мен Аустралияға дейін жүзеге асырылды.


Алайда ең бастысы — бұл тек сандар мен өнімдер ғана емес.

Бұл — Simply-ді клиенттер үшін ыңғайлырақ әрі тиімдірек етуге күн сайын үлес қосып жүрген команда, тың идеялар, батыл шешімдер және адамдардың еңбегі.


Осы жылдар ішінде Simply толыққанды цифрлық қаржылық сервиске айналды.


Осы 5 жыл бойы бізбен бірге болып, осы жолдың бір бөлігіне айналған әр адамға — әріптестерімізге, серіктестерімізге және, әрине, пайдаланушыларымызға алғысымызды білдіреміз ❤️


Алда Simply-мен бірге бұдан да көп жаңа мүмкіндіктер, жаңа бастамалар және маңызды жетістіктер күтіп тұр!

 
 
 

Recent Posts

See All
Жоспарлы жұмыстар

Біз сервисті жақсарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз, сондықтан жоспарлы жұмыстардың саны артты. Толығырақ: Маусым Күні Уақыты Әсері 07.06.2026 23:00-07:00 Janymda-дағы "Simply" бөлімінің қолжетімсіздіг

 
 

Comments


Commenting on this post isn't available anymore. Contact the site owner for more info.
bottom of page